GE Helthcare Қазақстанның Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жөніндегі жобаларға қатысады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және GE Healthcare Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту мен жаңғырту саласындағы ынтымақтастық мақсатында стартегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум GE Healthcare цифрлық технологияларды қолданумен денсаулық саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеуге қатысты жобалар бойынша бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын белгілейді.  Құжатқа сәйкес, тараптар әлеуметтік маңызды ауруларды алдын ала анықтау мен тиімді емдеу, диагностиканың дәлдігін арттыруға бағытталған  телерадиология, телеонкорадиология және сүт бездері обыры бойынша скрининг жөніндегі телемедициналық сараптау орталықтарын, сондай-ақ республикалық клиникалық мұрағатын ашу  бойынша мүмкіндіктерге талдау жүргізуге уағдаласты.

Сондай-ақ келісім Министрліктің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК базасында телемедициналық орталық ұйымдастыру үшін GE Healthcare цифрлық шешімдерді қолдану арқылы пилоттық жобаны іске асыруды болжайды. Бұл облыстық онкодиспансерлердің дәрігерлеріне онкологиядағы күрделі жағдайлардың диагностикасы кезінде мамандардың қашықтан қосымша кеңес алуларына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, GE Healthcare өңірлік вендор-бейтарап мұрағаттарды қалыптастыру мен электронды құжат айналымын ұйымдастыру бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді деп жоспарлануда.

Құжат Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевпен және Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД-ғы GE Healthcare Digital  Вице-президенті Дитмар Сейфридсбергермен қол қойылған болатын.

Меморандумға қол қоюды түсіндіре отырып, Денсаулық сақтау вице-министрі О. Әбішев Меморандумға қол қою қорытындысы бойынша «Бүгінгі күнде GE Healthcare цифрлық медицинаның жаһандық нарығындағы басты әріптестердің бірі болып табылады. Әріптестік қатынастар  халыққа қолжетімді болатын озық технологияларды енгізе отырып, Қазақстандағы цифрлық денсаулық сақтау саласын  айтарлықтай дамытуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді.

Өз кезегінде, Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД-ғы GE Healthcare Digital  Вице-президенті Дитмар Сейфридсбергер «Біз денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасымен аса тығыз ынтымақтастықта болу мүмкіндігіміздің бар болғанына қуаныштымыз, және GE Healthcare технологиялары цифрлық медицинаны дамыту бойынша өңірдің ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешуге, сондай-ақ жалпы мыңдаған пациенттер үшін сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз»,  – деп атап өтті.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *