Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету

           «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 73 Б үйі мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:
медициналық көмек нысандары бойынша:
стационарлық медициналық көмек (ауыл субъектілерін қоспағанда);
стационарды алмастыратын медициналық көмек (ауыл субъектілерін қоспағанда);
стационарды алмастыратын медициналық көмек (амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ);
стационарлық медициналық көмек (оңалту және қалпына келтіру қызметі);
медициналық көмек түрлері бойынша:
мамандандырылған медициналық көмек;
2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында.
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 73 Б мекенжайына жұмыс күндері тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні – 2018 жылдың «19» қазан 09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі – 2018 жылдың «31» қазан 18 сағат 30 минут.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (7262) 963-501.

Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының  (www.densaulyk.zhambyl.gov.kz ) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.


Астанада Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өткізіледі

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today – 2018 жылғы 25-26 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және БҰҰ Балалар қорымен бірлесіп Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өткізеді. Іс-шара 1978 жылғы тарихи Алматы Декларациясыныӊ 40 жылдығына арналған. Конференцияға денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізуге бірлесіп күш жұмсау үшін әлемдік көшбасшылар келеді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді белгілеуге көмектеседі. Елдердіӊ өкілдері медициналық-санитариялық қызметтермен жаппай қамтуды жетілдіру және Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласына инвестицияларды ұлғайту мақсатында Декларацияға қол қояды және ратификациялайды.

Қатысушылар арасында мемлекет басшылары; денсаулық сақтау, қаржы, білім және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлері; жастар делегаттары; жаһандық медициналық мекемелердіӊ, азаматтық қоғамныӊ, ғылыми қауымдастықтыӊ атынан өкілдік ететін көшбасшылары, филантроптардыӊ, БАҚ және жеке сектордыӊ өкілдері және медициналық қызметкерлер мен пациенттер болады.

«Денсаулық» пойызы жыл соңына дейін 130-дай стансаға барады

Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы қызметімен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғай аудандарындағы 57 стансаны қамту жоспарланып отыр.

Қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында Қазақстанның шалғай темір жол стансаларын аралауға «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» пойыздары аттанды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтемемен atr.kz. «Денсаулық пойыздарының» жолы Қостанай және Маңғыстау облыстарынан басталды. 2018 жылы «Денсаулық» медициналық пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын аралай отырып, 71 стансаға барады. Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы қызметімен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғай аудандарындағы 57 стансаны қамту жоспарланып отыр. Бұл жобаны ҚР денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктері , «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Аталған пойыздардың персоналы шалғай станса, бекеттерде тұратын халыққа мамандандырылған әлеуметтік және медициналық көмек көрсететін болады. Тұрғындар терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сынды білікті дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады. Пойыздар заманауи диагностикалық жабдықтармен, атап айтқанда, диагностикалық жүктемелік сынақтар жүргізу үшін кардиологиялық мониторлық жүйемен, компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, сонымен қатар соңғы үлгідегі рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтармен жарақталған. Еске сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы басталған болатын. Осы уақыт аралығында консультативтік-диагностикалық пойыздар республиканың барлық облыстарынан 1 326 стансаның тұрғындарын қараған. Мамандар 379 мыңнан астам қазақстандықты, соның ішінде 8 3806 баланы тексеруден өткізген. Дәрігерлік қабылдаудың жалпы саны 2,5 млн-ды құраған.

Подробнее: https://abctv.kz/kz/last/%C2%ABdensaulyk%C2%BB-pojyzy-zhyl-sonyna-dejin-130-daj-stansaga-bar

“Нашақорлықтың алдын алудағы жас өспірімдердің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер-наркологы Д.Д.Кенжалиев  жоспардан тыс №41 мектеп гимназиясында “Нашақорлықтың алдын алудағы жас өспірімдердің рөлі” тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып дәріс жүргізді. Дәріс барысында балаларға нашақорлықтың ағзаға қалай әсер етеді, адамға келтіретін зияны, жағымсыз әдеттер мен қателіктерден аулақ болу үшін не істеу керек осылар жайлы жоспардағы оқу-дәріс өткізді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін бекітті

Жыл сайын Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтері бекітіледі.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін бекіту туралы» бұйрыққа (бұйрыққа сілтеме – http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017353) қол қойды.

Бұйрықта медициналық көмек (дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік) және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге тарифтер көрсетілген.

Бекітілген тарифтер – бұл мемлекеттің медициналық ұйымдарға бір емделіп шығу жағдайы үшін емдеуге бюджеттен өтейтін медициналық қызметтердің құны. Медициналық қызметтің құны пациенттерге көрсетілген медициналық көмектің күрделілік деңгейіне қарай құбылады. Осы бұйрықпен күрделі жағдайларды емдеу кезінде медициналық ұйымдар көтеретін шығыстарды ескере отырып, акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық бейіндер бойынша қызметтерге төлем енгізілген.

Бұйрық ТМККК шеңберінде және одан әрі МӘМС енгізу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдарды, яғни Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттары бар медициналық, оның ішінде жеке ұйымдарды қамтиды.

Осы тарифтердің – мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде азаматтарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған шығыстары екенін атап өту қажет.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі

http://mz.gov.kz/kk/news/kr-densaulyk-saktau-ministrligi-medicinalyk-kyzmetterdin-tarifterin-bekitti

Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы

Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардың тізімі кеңейтіледі

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі ағымдағы жылғы қыркүйекте қол қойды. Бұл бұйрықта бақылануға жататын есірткі құралдарын, психотропты заттарды және олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, толықтырулар есірткілі анальгетиктердің таблеткалық түрлерін жазып беру және дәріханалардан босату нормаларына байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша ауыр жағдайдағы науқастардың ауырсынуын басатын инъекциялық емес дәрілік заттармен қамтамасыз ету қажет.

Яғни, ауыр жағдайдағы науқастарды инъекциялық емес анальгетикалық дәрі-дәпмекпен тегін қамтамасыз ету үшін есірткі заттар Морфиннің таблеткалы түріндегі өндірісі басталды, «СҚ-Фармация» ЖШС пациенттерді апиынды анальгетиктермен дәрілік қамтамасыз ету қызметтерін сатып алды.

Науқастарды есірткі заттар таблеткалық препараттармен қамтамасыз етілуі 2018 жылғы қазан айынан бастап мүмкін болады.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары: тұмаудан қарсы вакцинациядан өтіңіздер