2017 жылдың І-жарты жылдығының қорытындысы бойынша наркологиялық диспансерлердің жұмысын саралау нәтижесі

Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығының ресми сайтында 2017 жылдың І-жарты жылдығының қорытындысы бойынша наркологиялық диспансерлердің жұмысын саралау нәтижесі жарияланды. Денсаулық сақтау саласының заманауи реформасының мақсаттары мен міндеттерінің бірі болып қолжетімдікті, ашықтықты, тиісті сапаны қамтамасыз ету және дәрігер мен медициналық ұйымның таңдау еркіндігін қамтамасыз етілуі болып табылады. Осы мақсатта медициналық ұйымдардың рейтингін бағалау ұйымдастырылып, онда медициналық ұйымдардың қызметінің қорытындысының қажетті индикаторлары ескеріледі. Рейтингтік бағалау жарты жылдың және өткен жылдың қорытындылары бойынша өткізіледі, осы мақсатта кейінгі рейтингісін саралауымен тиісті көрсеткіштер бойынша қажетті ақпарат жиналады. Рейтингтің индикаторларын есептеу үшін медициналық ұйымдардың қызметінің түрлі аспектілерінің, сонымен қоса көрсетілетін медициналық қызметтерінің сапасы және ресурстарды тиімді пайдалануларының маңызды көрсеткіштері іріктелініп алынды. Рейтингті бағалауға арналған индикаторлар функционалды тәуелді болып табылмайды және қайталанбайды, және де медициналық ұйымдардың көрсететін медициналық көмектерінің барлық түрлері ескеріледі. Медициналық ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасының дамуында маңызды орын алады, өйткені бұл өз кезегінде Қазақстан халқына медициналық қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауы мақсатында медициналық ұйымдардың нақты атқарылған жұмыстарына баға беруге мүмкіндік береді.

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *