ҚР Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы»

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде ҚР Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» туралы талқылау өтті. Жиналысты Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Ж.Т.Жексембиев жүргізді.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында халыққа арналған «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялады. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ, елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылды. Бұл әлеуметтік бастамалар барша қазақстандықтар үшін аса маңызды. Оны іске асыруды үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек, – деді Ж.Т.Жексембиев.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *