ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексі

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдік жауапкершілігін айқындайды.
  2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:
1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
7) өзәнәі жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;
10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
12) жек басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.
  1. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез-келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрьір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесужөнінде күш-жігер жұмсауға;
6) өз әс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды қзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
  1. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктіліне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы олардың кәсіптәк борышы болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғадық мін таға алады.
  3. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастыруларын қамтамасыз етеді.
 
0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *