ҚР ДСМ: медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – ұлттық денсаулық сақтаудың басты басымдығы

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Елжан Біртанов медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқтап өтті. Ол алғашқы көмектің ауруды ескерту және ерте күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буыны болып табылатынын және осыған байланысты МСАК жетілдіру бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

«Сіздерге ДҰҰ/ЮНИСЕФ Алматы Декларациясының қабылдануының 40 жылдығын атап өту мақсатында  медициналық-санитариялық алғашқы көмек және қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы оның маңыздылығын арттыру бойынша ағымдағы жылғы 25-26 қазан аралығында Астана қаласында «Баршаның денсаулыққа қол жеткізуі» атты медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференциясының өтетінін хабарлағым келеді», – деп сөзін жалғастырды Елжан Біртанов.

Бұдан басқа, амбулаториялық-емханалық желінің ықшамдалуы және алғашқы көмектің қолжетімдігін арттыру қамтамасыз етілді. Мәселен, 2016-2017 жылдары МСАК объектілерінің саны 6% өсті. Ағымдағы жылы дәрігерлік учаскелердің санын 10% өсіру және учаскелік дәрігерлерге бекітілген халықтың жүктемесін 14% төмендету нәтижесінде халықтың емханаларға келу саны 23% өсті.

Министр сондай-ақ қайта реттеу және бизнеске әсер ететін кедергілерді төмендету бойынша шаралар қабылданып жатқанын баяндады. 29 санитариялық қағида мен норманың күші жойылды, 23-і қайта қаралды, санитариялық талаптар 6 есеге қысқарды. Нәтижесінде МСАК жеткізушілері арасындағы жеке медициналық ұйымдардың үлесі 2017 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 18% өсті. МСАК объектілеріне жеке инвестициялар көлемі 2017 жылы және 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 15 млрд.тг., ал жалпы сала бойынша 60 аса млрд.тг. құрады..

Министер медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар кешенін ұсынды: «Бірінші – пациенттерді сапалы тексеру және емдеу және базалық консультативтік-диагностикалық қызметтерді алмастыру үшін МСАК дәрігерлері мен мейргерлерінің құзыреттерін арттыру. Екінші – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және МӘМС жаңа моделін енгізу. Үшінші – МСАКбекітілген халықтың тұрғылықты жеріне барынша жақындатылған шағын орталықтарын құру үшін МЖӘ жобаларын енгізу. Төртінші – жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін бекіту, оның аясында жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға МСАК кіші шағын орталықтарын құру бойынша міндеттемелер беру ұсынылады», – деп хабарлады Министр.

«Саланы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қалалар мен аудандардың деңгейіндегі медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютерлермен жарақтау 85,2% құрайды. Медициналық ұйымдардың 96%-на медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді. Жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдардың электрондық медициналық жазылуларға 100% көшуі жоспарлануда. Халықтың қалыптастырылған электрондық паспорттарының саны 11 млн. аса бірлікті құрайды. Бұл медициналық қызметтерді алу, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесінің ыңғайлылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Министр.

Сөзінің соңында Елжан Біртанов жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға МСАК шағын орталықтарын құру және МСАК 1 дәрігеріне келетін халық жүктемесі нормативін 1700 дейін жеткізу мүмкіндігі мен міндеттемесі берілетін болады. Бұл ретте, осы қаражат мемлекеттік медициналық объектілерін салуға, сондай-ақ МЖӘ жобалары шеңберінде бағытталуы тиіс  деп мәлімдеді. «Сондай-ақ ЖАО лицензиядан кейінгі бақылау, кадрлық қамтамасыз ету және медициналық мекемелердің меншік нысанына қарамастан стандарттарға сәйкес жарақталуын бақылау үшін жауапкершілігі күшейтілетін болады», – деп түйіндеді Министр.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *