ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда 300-ден аса жаңа формациядағы мейіргерлер шықты

Астанада 22-23 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтеді.

Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау Министрі Ержан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, медициналық жоғарғы оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бас дәрігерлер, дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық ұйымдардың,  қауымдастықтар мен қоғамдастықтардың өкілдері қатысады

Спикерлер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Швейцария, Польша, Беларусь және басқа да елдердің сарапшылары, ДДСҰ мен ЮНИСЭФ өкілдері шақырылды.

Конференция қатысушыларын қарсы алған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің еңбек жолы мейіргерліктен басталғанын айтып, аурухана жұмысымен етене таныс екеніне тоқталды.

«Бүгін біз Қазақстанда ауқымды реформалар өткізіп жатырмыз, бұл өзгертулер қоғам үшін қажет, себебі біздің халқымыз сапалы медициналық көмек пен қызмет алуға лайық. Бүгінгі конференция өте маңызды, себебі осы арқылы денсаулық сақтау саласын дамыту кезеңінде біз мейрібекелердің атқарар ролін анықтайтын боламыз. Бұл ғаламдық талқылау денсаулық сақтау саласы үшін аса маңызды, өйткені мейірбеке рөлі медицина саласы сияқты дамуды, қайта жаңғыртылуды талап етеді», – деді Елжан Біртанов.

«Медицинаны сақтандыру шарты бойныша болашақ денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі акценттерін біз бастауыш ұйым, яғни емханалар мен фельдшерлік-акушерлік және медициналық бекеттерге қоямыз. Мейрібекелер мен дәрігерлерге жүктелген ауыртпалықты азайтатын медициналық ұйымдардың жаңа нормативін енгіздік. Бұл әрине, бастауыш ұйымдағы шатты көбейтуді талап етеді. Бұл нормативті біз әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосатын боламыз. Аатап айту керек, биыл Қазақстанда тарихи жағдай орын алды, біз стационарлық көмекке қарағанда алғашқы медико-санитарлық жәрдемге көп қаражат жұмсай бастадық. Бұл бағытта біз жұмысты жалғастырып, алғашқы медициналық жәрдемді дамытуға аса ден қоятын боламыз», – деді Елжан Біртанов.

500-ге жуық конференция қатысушылары екі күн бойы пленарлық және секциялық отырыстарда, тақырыптық пікірталастарда мейірбикелік қызметті басқару,  мейірбикелердің білімін бағалау, сертификаттау және лицензиялау,  медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін, оның ішінде дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мейірбикелердің рөлін, патронаждық қызметті, мейірбикелік білімді дамыту мәселелерін талқылайды.

Қазіргі уақытта бағыттарының бірі ҚР-да мейірбике ісін жетілдіру болып табылатын Қазақстанда «Медициналық білім беруді және ғылымды  жаңғырту» жобасы іске асырылып жатыр, оның. Бұл жұмыстар JAMK және LAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің сарапшыларымен бірлесіп жүргізілуде.

Жобаны іске асыру мейіргер ісі мамандарын даярлау жүйесін қайта қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте мейірбикелік үрдістің кеңейтілген міндеттерін  орындайтын мейірбикелерді  дайындауда мейірбике ісі мамандарын даярлау жөніндегі фин моделі негізге алынды.

Қазақстанда кіші мейірбикеден  бастап дейін мейірбике ісінің магистріне дейінгі мейіргер ісі мамандарын даярлаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілген. Он медициналық колледж Жоғары колледж мәртебесін алды. Биылғы жылы тағы 7 медициналық колледж Жоғары колледжге қайта ұйымдастырылу үшін оң баға алды.

2018 жылғы ақпан айында 308 мейірбике ісі қолданбалы бакалаврларының алғашқы түлектері бітіріп шықты. Бұл жаңа формациядағы мейіргерлер. Олар тәуелсіз мейіргерлік күтімді жүзеге асыра алады, ауруды  басқару бойынша пациенттерге, олардың туысқандарына  кеңес беріп және үйрете алады,  денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу қызметін жүзеге асыра алады.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргер қызметінің жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Бұл жоба 2017 жылғы тамыз айында бастау алды, оған Республиканың 7 жоғары медициналық колледждері мен 29 пилоттық медициналық ұйымдары қатысты. Жобаның мақсаты медбикелік кәсіпке қойылатын тиісті халықаралық талаптардың негізінде медициналық ұйымдарда мейіргер қызметінің жаңа үлгісін енгізу болып табылады.

Конференция аясында Қазақстан мейіргерлерінің қатысуымен келешектегі мейірбикелік қызметтің даму бағыттарын белсенді түрде талқылау жоспарланады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *