ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 15%-ға өсті

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Ол сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге және денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің мәселелеріне толық тоқталды.
Елжан Біртановтың айтуынша, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінің алдына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, жекеменшік секторды реттеу және қолдау, МЖӘ дамыту, корпоративтік басқару мен саланы цифрландыру, сондай-ақ МӘМС енгізу міндетін қойды.
«Соңғы онжылдықта елдің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін талдау сатып алынатын дәрілік заттар атауы санының 2,5 есеге өскенін, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есеге артқанын көрсетеді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 15% -ға өсті», – деді Министр.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) жаңғырту шеңберінде өткен жылы жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) учаскелерін ұлғайту бойынша отбасылық медицина 12%-ға күшейтілді, сондай-ақ ЖПД дайындау бағдарламасы қайта қаралды. «БМСК айналасында денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау бойынша амбулаторлық-емханалық мекемелер құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1664 тексеру (әйелдер мен ерлер), 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинет және 42 психиатриялық денсаулық кабинеті жұмыс істейді», – деп атап өтті Елжан Біртанов.
Ол сондай-ақ, шұғыл медициналық көмек көрсетуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында бірыңғай диспетчерлік жедел жәрдем қызметі енгізілді, шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру жүзеге асырылды, қызметкерлерді реанимациялық көмектің әлемдік стандарттарына кезең-кезеңмен оқыту жүргізілуде, жедел жәрдем машиналарының дыбыстық дабылы және түстерінің безендірілу стандарттары және т.б. қайта қарастырылды деп атап өтті. «Осылайша, жедел жәрдемнің жету мерзімі 25-тен 18 минутқа дейін қысқарды, ауруханаға дейінгі өлім-жітім азайды және реанимацияның табыстылық көрсеткіші артты.
«Министрлік триаж жүйесін енгізу арқылы және кез -келген бейіндегі пациенттерді көп бейінді стационарға қабылдау дайындығымен стационарлардыӊ қабылдау бөлімшелері қызметініӊ жаӊа форматын регламенттеді. Қабылдау бөлімшелерініӊ жағдайында шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін жаӊа дәрігерлік мамандық – қабылдау бөлімшесініӊ дәрігері («emergency doctor») енгізілетін болады. Осыған байланысты мамандарды оқыту және тренерлерді даярлау жүргізілуде. Жаңа форматтың нәтижесі стационарларда пациенттердің күнделікті өлімінің төмендеуі болып табылады», – деп қосты министр.
«Денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, ТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу тәртібі қайта қаралды, 6 санитарлық ереженің талаптары оңтайландырылды, 29 ескірген санитарлық ереже жойылды, бизнес нысандарын тексеру саны 2 есеге дейін қысқарды», – деп атап өтті Елжан Біртанов.
Саланы цифрландыру бойынша еліміздің медициналық ұйымдарын ақпараттық-технологиялық жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Ақмола және Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Маңғыстау облыстарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу басталды. Биылғы жылдың соңына дейін медицина құжаттамаларын цифрлық форматта жүргізуге саланы толық көшіру қамтамасыз етіледі.
Министр өз сөзін қорытындылай келе, «Денсаулық» Мембағдарламасын және Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша министрліктің алдағы жоспарлары туралы айтты.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми интернет-ресурсы

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *