ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Дәрілік заттарды алғаш электрондық сатып алу іске қосылды

Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер беретін фармдистрибьюторлар мен өндірушілер электрондық сатып алу жүйесін тестілеуді аяқтады. Енді «СҚ-Фармацияда» ағымдағы жылға дәрі-дәрмектің 35 атауына электрондық сатып алу жарияланды.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, тестілік сатып алу екі мәрте өткізілген. Тестілік сатып алуға 35 қатысушы қатысса, оның 22-сі барлық рәсімдерді тіпті аукционға дейін өткен.

Тестілік сатып алу тендерлік комиссия мүшелері мен әлеуетті өнім берушілерге жүйені ұғынып алуға және олқылықтарды анықтауға мүмкіндік берген. Барлық ескертулер Электрондық коммерция орталығына – порталдың әзірлеушілеріне жолданған.

«Бүгін біз дәрілік заттарды алғаш электрондық сатып алуды жарияладық. Рәсімдерге қатысушылар тендер рәсімдеріне қатысу үшін құжат жинап жатқанда, әзірлеушілер барлық анықталған олқылықтарды жоятын болады және ағымдағы жылғы сатып алу шеңберінде біз барлық тетіктерді тағы бір пысықтайтын боламыз. Осылайша, 2019 жылға арналған үлкен сатып алуға қарай жүйе толықтай жолға қойылатын болады»,-деп атап өтті Берік Шәріп.

Қазір алғашқы электрондық сатып алу шеңберінде тендерге 35 атау жарияланған, оның ішінде – психотроптық, туберкулезге қарсы, бактерияға қарсы препараттар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар бар. Бұрын бұл позициялар әлеуетті өнім берушілерден  ұсыныстар болмаған, ҚР-дағы тіркеу мерзімінің өтіп кетуі себептерінен немесе кей препараттар өндірістен алынып тасталғандықтан 2018 жылға сатып алынбаған болатын. Жаңа жүйе бойынша сатып алынған дәрі-дәрмектер қазан айынан бастап медициналық ұйымдарға жеткізіле бастайды.

Айта кету керек, сатып алудың электрондық форматына көшуді бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеңберінде іске асырылып отыр. Әлеуметтік маңызын ескере отырып, жобаны Электрондық коммерция орталығы өтеусіз негізде іске асыруда. Дәрі-дәрмектерді электрондық сатып алуға арналған платформа http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ веб-порталында орналасқан.

Электрондық сатып алу әкімшілік кедергілерді азайтуға, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іс жүзінде әлеуетті өнім берушілерге қағаз тасымалдағышта тек банк кепілдігін ғана беру қажет болады. Барлық қалған құжаттарды өнім берушілер веб-порталға электрондық түрде жүктей алады.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі

http://mz.gov.kz/kk/news/kr-densaulyk-saktau-ministrligi-drilik-zattardy-algash-elektrondyk-satyp-alu-iske-kosyldy

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *