ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы МСАК жөніндегі Жаһандық конференция шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін Астана қаласында Медициналық-санитариялық алғышқы көмек (МСАК) жөніндегі Жаһандық конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Өзбекстаннан, Ираннан, Армениядан, Ресейден келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Қазақстан мен Өзбекстанның арасында өткен кездесудің қорытындылары бойынша Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша жол картасын бірлесіп бекітті., ол медициналық туризмді, медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, денсаулық сақтаудың цифрлық технологияларын дамыту мен енгізуді, фармацевтикалық саладағы ынтымақтастықты және консальтингтік қызметтерді көрсетуді көздейді.

Өзбек тарапынан кездесуге Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов қатысты. Ол қазақстандық әріптесінің ынтымақтастық бағыттары бойынша ұсыныстарын қолдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл өзбек әріптесімен өткізген бірінші кездесуі емес екенін атап өтті. Біз меморандумға қол қойдық және дәрігерлер, ғылыми орталықтар арасында қарқынды жұмыс жүргізуді жоспарлаудамыз, бағыттарды айқындадық және бұл, әрине МСАК-ты дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру. Дәрлік қамтамасыз етуге де қызығушылық бар. Әлеует ауқымды, біз оларға өзіміздің ғылыми орталықтарды көрсеттік. Тәжірибемен алмасатын боламыз. Біз сондай-ақ ТЖ, инфекциялық аурулардың туындауы жағдайында және азаматтардың қауіпсіздігі мен тауарлардың, өнімдер мен қызметтердің сапасына қатысты мәселелер бойынша ақпаратпен жедел алмасуға тиіспіз. Бұл біздің Елбасымыздың берген тапсырмаларының бірі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасында Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол медициналық қызмет көрсетуді, фармацевтикалық қызметті, ғылыми және медициналық кадрларды даярлауды, ғылыми әзірлемелерді бірлесіп жүргізуді, пациенттерді, оның ішінде мүгедектерді медицналық оңалтуды және басқаларды көздейді.

Бұдан басқа, Министр Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша UNAIDS өңірлік директорымен кездесті, онда бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, олардың бірі медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша стартегиялық маңызды қызметтерді біріктіруге қатысты.

Кездесудің қорытындысы бойынша UNAIDS әріптестері қазақстандық тараптың бастамаларын іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін растады. Сондай-ақ АИТВ ауруларына және сифилиске қатысты аяқтау мерзімі БҰҰ Бас ассамблеясы шеңберінде жоғары деңгейдегі кеңес өткізу күтілетін 2019 жылғы қыркүйек болып табылатын валидация өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде, Елжан Біртанов халықаралық ұйымдардан келген әріптестеріне МСАК жөніндегі Астана декларациясын дайындауға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын ерекше білдірді. «Маңызды құжат дайындалды. Біз декларацияны іске асыру бойынша үлкен бірлескен жұмыс атқаруымыз керек»,- деп сөзін түйіндеді Министр.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресейдің денсаулық сақтау министрліктері арасында Телемедициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмек көрсету үшін бірлескен жүйелерді құру және дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ислам Республикасы Денсаулық сақтау және білім министрлігі арасында Денсаулық сақтау және фармация саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ағымдағы жылғы 25 қазанда Астанада бүкіл әлем елдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды. Бүкіл ғалам үшін 2018 жылғы 25 қазан маңызды тарихи күн болды, яғни бүкіл әлем елдерінде денсаулық сақтауда жаңа мақсаттары пайда болды – бұл МСАК бойынша жаңа Декларацияға енгізілген сол бағыттар болып табылады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *