ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойдың төрағалық етуімен инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өткізілді. Отырыста сарапшылар статистиканы көрсетіп айтты және алдағы күндерге арналған жоспарды бекітті.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязованың деректері бойынша Қазақстан Республикасында көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазақстан Республикасында оба, іш сүзегі, пастереллез, легионеллез, дифтерия, полиомиелит сияқты 15 нозология бойынша ауру жағдайы тіркелген жоқ.

2017 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 21 инфекциялық ауру бойынша, оның ішінде тері лейшманиозы 60,3 есеге, гименолипедоз 48%-ға, лямблиоз 15%-ға, ЖРВИ 13%-ға, бруцеллез 12,7 %-ға, дизентерия 11%-ға, энтеробиоз 7%-ға, тыныс алу ағзаларының туберкулезі 6%-ға төмендеді.

Қазіргі уақытта республикада қызылша жағдайларының тіркелуі байқалады. 2018 жылдың өткен кезеңінде қызылшаның расталған 26 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 жағдай  (80,7%). Қызылшаның тіркелуі мына өңірлерде байқалады: Ақмола облысында – 2 жағдай (сәуірде тіркелген); Жамбыл облысында – 2 жағдай (қыркүйекте); Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай (қазанда); Алматы қаласында – 15 жағдай (қыркүйекте – 2, қазанда – 7, қарашада – 6);  Астана қаласында – 6 жағдай (қарашада).

Сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалардың арасында тіркелген – 76,9% (26 жағдайдың ішінде 20).

Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған  эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Одан басқа, қызылшаға күдікті науқастарды ерте анықтау мақсатында байланыста болған адамдарды медициналық бақылау жүргізілуде.

Отырыс нәтижелері бойынша А.В. Цой қызылшамен сырқаттанушылыққа мониторинг жүргізу және нысаналы жастағыларды қызылшаға қарсы вакцинациялаумен қамту бойынша, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және инфекциялық аурулардан сақтануды арттыру қажеттелігі туралы нақты тапсырма берді. Штабтың жұмысы жалғасуда.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *