ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің Жамбыл облысындағы іс-сапары

Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Жамбыл облысына келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жұмыс сапарында денсаулық сақтау жүйесiн дамыту барысымен танысты. Атап айтқанда, медициналық инфрақұрылымды жаңарту шаралары қаралды.
Жұмыс барысын «Бәйтерек» ықшам ауданында тұратын емделушілерге «Almaz medical group» ЖШС емханасына қарасты дәрігерлік амбулаториядан бастаған вице-министр тұрғындарға көрсетілетін дəрігерлік қызметтің қолжетімділігі мен сапасына назар аударды. Емхананың бас дәрігері Нұртуған Әлқуатовтың айтуынша, мұндай бөлімшені ашудағы басты мақсат – дәрігердің қабылдауына келетін кезек санын азайту. Бүгінде №4 емхана электронды кезекке көшкен. Емдеу мекемесі «Damumed» мобильді қосымшамен жұмыс істейді. Медициналық құжаттар сандық жүйеге көшірілді. Емделушілер дәрігер қабылдауына мобильді қосымша арқылы да жазыла алады.
Екінші нысан – Демьян-Бедный көшесінде орналасқан 41 188 адамға қызмет көрсететін №6 қалалық емхана. Мұнда 1 күнде 480-500 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл медициналық мекеме 1960-шы жылы тұрғызылған. 2016 жылдан бастап, облыс әкімінің қаулысымен емхана жекеменшік «Жаншуақ» медициналық орталығына сенімгерлік басқаруға берілді. Аталмыш мекеменің бас дәрігері Дүйсенкүл Керімбаева, жаңа үш қабатты отбасылық медицина орталығының құрылыс барысымен таныстырды. Емхана құрылысы 2021 жылдың ІІ-жартыжылдығына дейін аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ескі ғимарат онда тіркелген тұрғындар үшін өте тар. Сондықтан, алдағы уақытта пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де барлық қолайлы жағдайлар жасалатын болады,- деді бас дәрігер.
Келесі нысан – облыстық офтальмологиялық орталық болды. Олжас Амангелдіұлы қабылдау бөлімі, физиотерапевтік кабинеті, емханалық бөлім, күндізгі стационар жұмысымен танысты.
– Біз көру органдарына операциялардың барлық түрлерін жүргіземіз, біздің дәрігерлер офтальмологияның әртүрлі бағыттары бойынша біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыратын жоғары дәрежелі мамандардан тұрады. Орталық заманауи диагностикалық құрылғылармен, жаңа УДЗ-орталығымен, томографпен, көзді электрофизикалық зерттеудің ЭФИ-аппаратымен және эксимерлік-лазерлік ота жасауға қажетті құрылғылармен жабдықталған. Кеңес беру-диагностикалық бөлімше күніне 130 келушіге арналған, орталықта күніне шамамен 30-40 отаға дейін жасалады, – деді бас дәрігер Қайрат Сәтбаев.
Келесі нысан облыстық тері-венерологиялық диспансері болды. Аталған мекеме – Жамбыл облысы аумағындағы жыныс жолы арқылы жұғатын және жұқпалы тері ауруларын емдейтін, емдеп қана қоймай, оны түбегейлі зерттеп, зерделейтін бірден-бір денсаулық ұйымы. Диспансердің міндеті – тері аурулармен азаптанған науқастардың өмір сапасын жақсарту, жыныс қатынас арқылы таралатын инфекцияларды төмендету, инновациялық технологияларды пайдала отырып пациенттерге кеңес беру. Вице-министр тері-венерологиялық диспансерінің жұмысымен танысып, басшылары мен қызметкерлеріне жаңа белестерді бағындыруды тілеп, алғыс білдірді.
Іс-сапар соңында Олжас Әбішев облыстық онкологиялық диспансеріне бас сұқты. Мекеме басшысы Абай Нұржанов қабылдау бөлімінің және ондағы емхана мен зертхана бөлімшесінің жұмысымен таныстырды. Онкологиялық диспансерде цифрландыруды енгізу құжаттаманы толтыру уақытын қысқартуға, емделушіні қарау уақытын ұлғайтуға және алғашқы диагностика сапасын арттыруға жол ашты,- дейді бас дәрігер.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, 2015 жылдан бері соңғы 3 жылда 10 нысан сенімгерлік басқаруға берілді. 3 нысан жекешелендірілді. Жыл соңына дейін 1 нысанды сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Ақпараттық жүйелерге 680 950 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген халық санының 61% құрады. Бұл бағдарламаға сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызды құрайтын болады. Облыста барлық «Алғашқы медико-санитарлық көмек» ұйымдарында цифрлық сауаттылық посттары ашылды. Құрылған цифрлық сауаттылық посттары арқылы цифрлық дағдыларға оқытылған халық саны 489 105 құрады. Бұл интернет белсенді халықтың 86,8% құрады. «Damumed» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 34 мың адам тіркелді.
Денсаулық сақтау вице-министрінің медицина қызметкерлерімен кездесу барысында халыққа медицинадағы реформалар мен адамдардың сапалы көмек алуын жеңілдететін қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу туралы тұрақты түсіндіру жұмысын жүргізу қажет екендігін айтты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *