Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтің халық алдындағы есептік кездесу

Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасының 2018 жылдың 11 мамырындағы №02-533 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 13 маусым күні сағат 15,00-де Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтің халық алдындағы есептік кездесуі өтетіндігін хабарлайды.

Министр есептік кездесуде ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режимінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференция байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі тікелей эфир арқылы www.bnews.kz интернет-порталында көрсетіледі.

Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы тікелей жолдай аласыздар.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *