Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі №504 бұйрығы күшіне еңді

«Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы №446 бұйрығының өзгеруіне байланысты, «Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі №504 бұйрығы күшіне еңді.

Бұл ақпаратты Біз жарияланымдар мен баяндамалар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияладық.

Осы Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары 2009 жылғы 18 қыркүйектегі “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібін айқындайды. Тәуілік бойын алкогольді және есірткілік маскүнемдікті сараптау кабинетінің сарапташылары психотроптық заттар мен мас күйінде қолдану фактісі бойынша медициналық куәландыруды жүргізген кезде осы Ережені басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын медициналық куәландыру ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің (ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар) қатысуымен жүргізіледі.

            Алкогольді тұтыну және алкогольдік масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу кезінде алкогольге ауыздан сыртқа шығарылатын ауаны сандық зерттеу жүргізіледі. Алкогольдің бар-жоғына ауыздан сыртқа шығатын ауаға зерттеу Қазақстан Республикасында ресми тіркелген және қолданылатын техникалық өлшем құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Диспансер өзінің жұмысында Германияда жасалған «Aлкотестер» сертификатталған құрылғыларды пайдаланады. Ал ағзада алкоголь болмаған кезде, құрылғыда 0.00 промилле ретінде белгіленеді. 0,00 промилледен жоғары сандар көрсетсе, тұлғаның ішімдік ішкенін білдіреді.            Психикалық және соматоневрологиялық жай-күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық зерттеп-қарау деректері алкогольді және психиқаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты жай-күй мәселесі бойынша медициналық қорытындының негізі болып табылады. Медициналық куәландырудың негізінде Медициналық куәландыру қорытындысы жасалады, онда куәландырылушы адамның зерттеп-қарау сәтіндегі жай-күйі сипатталады.

Қайталама медициналық куәландыру куәландырылушының не оны жіберген және (немесе) жеткізген лауазымды адамның куәландыруға жүгінудің мән-жайы айтылған еркін нысандағы жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі. Қайталама медициналық куәландыруды медициналық ұйымның бейінді дәрігері алғашқы куәландырудан кейін 2 сағаттан кешіктірмей жүргізеді. Қайталама куәландыру кезінде биологиялық ортаға (алкогольдік масаң күйге күдік болған кезде қан немесе несеп, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйге күдік болған кезде несеп) зертханалық зерттеу немесе экспресс-тестілеу жүргізу міндетті рәсім болып табылады.

Қанда алкогольдің бар болуына сараптама жасау кезіндегі көрсеткіштерді бағалау алкогольдің қанда қанша көлемде болуы туралы  стандарттық қатынасына және куәландырудан өткізіліп жатқан тұлғаның клиникалық жағдайын бағалауға байланысты өткізіледі.

Облыс аудандарының медицина қызметкерлеріне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты түсіндірме жұмысын жүргізу үшін, біз орталық аудандық ауруханаларға кураторлық сапарлар жасадық.

            Алкогольді және маскүнемдіктің басқа да түрлерін пайдаланудың медициналық сараптама рәсімінің сапасын арттыру мақсатында, есеп беру деректерін автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін электрондық медициналық сараптама жүйесі енгізілді, бүгінде табысты жүзеге асырылып, диспансерде және облыстың аудандарында жұмыс істейді.

Бас дәрігер                                                                           Ж.Т.Жексембиев

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *