Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара.

Бүгін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында диспансердің бас дәрігері Ж.Т.Жексембиев диспансер қызметкерлерін алдағы келе жатқан ұлы мерекемен құттықтап, осы тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, диспансерде атқарылған оң шаралар, жемісті еңбегіміз туралы сөз қозғады, сонымен қатар, жалпы бөлім меңгерушісі, дәрігер-нарколог Ли Елена Игорьевнаға “Алтын дәрігер” төсбелгісін және бас медбике Омарова Жаухар Советовнаға “Мейірім” төсбелгісін тағу рәсімін өткізді.