«Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы №95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағы 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 «Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде 2016 жылдың 5 наурыз күні № 13404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 30 наурызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы келесі мәтінде берілсін:

«Қазақстан Республикасы халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы»;

1-тармақ келесі мәтінде берілсін:

«1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандарты бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа мәтінде берілсін.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге қойған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми түрде жариялау және енгізу үшін қағаздық және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми түрде жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-қорына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге қойған күннен бастап он жұмыс ікүн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі Департаментіне осы бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді.

4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваға жүктелінсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.

Приказ_КАЗ

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *