Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардың тізімі кеңейтіледі

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі ағымдағы жылғы қыркүйекте қол қойды. Бұл бұйрықта бақылануға жататын есірткі құралдарын, психотропты заттарды және олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, толықтырулар есірткілі анальгетиктердің таблеткалық түрлерін жазып беру және дәріханалардан босату нормаларына байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша ауыр жағдайдағы науқастардың ауырсынуын басатын инъекциялық емес дәрілік заттармен қамтамасыз ету қажет.

Яғни, ауыр жағдайдағы науқастарды инъекциялық емес анальгетикалық дәрі-дәпмекпен тегін қамтамасыз ету үшін есірткі заттар Морфиннің таблеткалы түріндегі өндірісі басталды, «СҚ-Фармация» ЖШС пациенттерді апиынды анальгетиктермен дәрілік қамтамасыз ету қызметтерін сатып алды.

Науқастарды есірткі заттар таблеткалық препараттармен қамтамасыз етілуі 2018 жылғы қазан айынан бастап мүмкін болады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *