«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің жобасы пациенттің қажеттілігіне бағытталатын болады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жылдың басынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының жаңа редакциясын әзірлеуді бастады. Заң жобасын қабылдау меншікті және халықаралық тәжірибенің үздік үлгілеріне негізделген денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді, тиімді және тұрақты моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған, ол медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін болады», – деп мәлімдеді вице-министр.

Алексея Цойдың айтуынша, заң жобасының мақсаты денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ҚР-ғы медиициналық білім беру мен ғылымды, электрондық денсаулық сақтауды жетілдіру, медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

«Заң жобасын денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық бағыттарын жетілдіру мен дамытуға бағытталған бірнеше негізгі блоктарға шартты түрде бөлуге болады: 1) бұл қоғамдық денсаулықты сақтауды дамыту; 2) медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру; 3) денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен ғылым қызметін жетілдіру; 4) фармацевтикалық қызмет және дәрі-дәрмек айналымы саласында жасушалық биотехнологиялар саласындағы қызметтің құқықтық негіздемелері берілетін болады; 5) ағымдағы жылы интероперабильділік платформасын іске қосу жоспарланып отыр, ол барлық медициналық ақпараттық жүйені кезең-кезеңімен интеграциялауға және халықтың электрондық денсаулық сақтау паспорттарының бірыңғай банкісін іске қосуға мүмкіндік береді; 6) жергілікті атқарушы органдардың біріші кезекте халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін күшейту жоспарлануда; 7) медициналық кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жергілікті жерлерде 2019 жылдан бастап мемлекеттік грант бойынша оқыған бітірушілердің өңірлердегі міндетті үш жылдық жұмыспен өтеуі енгізілетін болады. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың осы және басқа да мәселелері Кодекстің жобасында ескерілетін болады» – деп қосымша мәлімдеді вице-министр.

Осылайша, осы заң жобасы қол жеткізілген жетістіктерді бекітуге және дамытуға, денсаулықты сақтау мәселелеріндегі орын алған проблемаларды шешуге бағытталатын, сондай-ақ саланың жоспарлы және пәрменді дамуының негізі болады.

Өзінің сөзін қорытындылай келе, Алексей Цой Министрліктің Кодекстің жобасын барлық диалог алаңдарында мүдделі тараптармен талқылау үшін дайын екенін атап өтті. Кодекстің жобасымен Сіздер ҚР ДСМ-нің mz.gov.kz сайтында таныса және өз ұсыныстарыңызды кері байланыста болу үшін Kodeks_zdorovya_RK@mail.kz электрондық мекенжайына жібере аласыздар. Сондай-ақ қазіргі кезде Кодекс тұжырымдамасының жобасы тәуелсіз сарапшыларды, ҮЕҰ мен БАҚ-ты тарта отырып, жұмыс топтарында қаралуда.

Дереккөз:  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *