Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету

           «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 73 Б үйі мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:
медициналық көмек нысандары бойынша:
стационарлық медициналық көмек (ауыл субъектілерін қоспағанда);
стационарды алмастыратын медициналық көмек (ауыл субъектілерін қоспағанда);
стационарды алмастыратын медициналық көмек (амбулаториялық бағдарламалық гемодиализ);
стационарлық медициналық көмек (оңалту және қалпына келтіру қызметі);
медициналық көмек түрлері бойынша:
мамандандырылған медициналық көмек;
2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында.
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 73 Б мекенжайына жұмыс күндері тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні – 2018 жылдың «19» қазан 09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі – 2018 жылдың «31» қазан 18 сағат 30 минут.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (7262) 963-501.

Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының  (www.densaulyk.zhambyl.gov.kz ) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.


0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *