Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

Елбасымыздың 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес мемлекеттік орган басшыларына жылына екі рет халықпен кездесулер өткізіп, атқарып отырған жұмыстары туралы есеп беруі міндеттелген. Осыған орай, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары туралы басқарма басшысы Марат Жұманқұлов Талас ауданында баяндама жасады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында біршама жұмыстар атқарылуда. Басқарма басшысымен 12 тармақтан тұратын 2017 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспары бекітілген, сондай-ақ облыс әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес  аудандардың елді мекендерінде тұрғындарды қабылдау жүргізілуде. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының облыстық, қалалық, аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлерімен 2017 жылғы 17 қаңтарда селекторлық кеңес өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тапсырмалар берілді. Нәтижелері басқарманың ресми сайтында орналастырылған (www.densaulyk.zhambyl.kz). Басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітіліп, ғимаратта көрнекі жерге орналастырылған. Айына екі рет басшылық тарапынан қабылдаулар жүргізіліп, барлық өтініштер мұқият зерделеніп, шешімін табуда. Ал щалғайда орналасқан ауыл тұрғындарымен тікелей байланыс орнату үшін басқарма басшысының блогы жұмыс істеуде. 2016 жылы блогқа 12 өтініш түссе, биылғы жылы  20 өтініш түсіп, барлығына жауап қайтарылды. Басқармада өтініштер мен арыздарға арналған жәшік орналастырылған. 2017 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметкерлерді құқықтық оқыту кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес құқықтық сабақ ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Жамбыл медициналық колледжінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәуекелдерді ескеру тақырыбында дәрістер оқылды. Денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелеріне қатысты бейнероликтердің көрсетілуі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес агенттікпен әзірленген «Есіктен есікке» ведомстволық бағдарламасы аясында ақпараттық жадынамалар мен плакаттарды басқарма және басқармаға қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары ғимаратының көрнекі жерлерінде, ақпараттық тақталарында орналастырды. Аталған департамент мамандарымен бірлесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқармаға қарасты медициналық ұйымдарында кездесулер өткізілді. Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар нәтижесінде, 2017 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.

Жамбыл облысы әкімдігі

денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз орталығы