“Салауаттылық өмір қуанышы. Ішімдік – У!!! Жас кезіңде дұрыс таңдау жаса”

Жасөсіпірмдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің қызметкерлері жергілікті оқу орындарында “Салауаттылық өмір қуанышы. Ішімдік – У!!! Жас кезіңде дұрыс таңдау жаса” тақырыбында оқу-дәріс өткізу айлығын бастады. № 30 орта мектебінде диспансер психологы Дөненбаева А.М. оқушылар арасында тақырыптық дәріс өткізді.  Дәріс барысында маскүнемдік ұғымы, оның себеп-салдары, әлеуметтік зияндылығы жайында түсінік беріліп, оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың пайдасы жөнінде айтылды. Маскүнемдік адам ағзасына тигізер зияны зор, әсіресе жасөспірімдердің балғын ағзасы бұл ауыртпалықты көтере алмай қалуы мүмкін. Жалпы маскүнемдік тек денсаулық емес, жеке өмірге де әкелер кесірі көп. Салауатты өмір салтын ұстансақ, болашақта да өмірге дені сау ұрпақ, өнегелі өмір салты орнауы сөзсіз.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *