«Саламатты әдеттер марафоны»

 «Саламатты әдеттер марафоны» челленджін бастау

СЦЕНАРИЙІ

Ұраны: «Be healthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі»
Өткізу күні: 2018 жылғы 11 шілде
Өткізу уақыты: 18.00 (17.00-де жиналу)
Өткізу орны: «Жерұйық» демалыс саябағы
Үйлестірушілер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Серіктестер: «Нұр Отан» партиясы,  Қазақстан спорт федерациясы, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ федерациясы, үкіметтік емес ұйымдар.
Акцияға қатысушылар: мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, медицина қауымы, спортсмендер, үкіметтік емес ұйымдар және белсенді өмірлік ұстанымы бар барлық адамдар.
Мақсаты: әрбір азаматтың дербес жауапкершілігін арттыру үшін өз денсаулығын нығайтуға халық пен қоғамның назарын аудару.

17.00. «Жерұйық» демалыс саябағында сахна алдындағы алаңда қатысушыларды жинау, медициналық ұйымдар өкілдерінің арасында білезікқаптарды тарату
Музыкалық сүйемелдеу
18.00. Салтанатты ашылуы:
– Жүргізуші көрермендермен амандасып, іс-шараның мақсатымен таныстырады.
Жүргізуші флешмобты өткізу үшін фитнес-жаттықтырушыға сөз береді
18.10. – 18.20. Флэшмоб
Әсерлі әуенмен фитнес-жаттықтырушы қатысушыларға оны қайталауды ұсына отырып, спорттық жаттығуларды көрсетеді.

18.20-18.25. ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы акцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлейді.

18.25.-18.30.  Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Өрентайұлы  құттықтау сөзін сөйлейді

18.30-18.35. ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы «Саламатты әдеттер марафоны» челленджіне қатысуға шақырумен сөз сөйлейді.
Бүгін 11 шілде үш басты әрекетті қамтитын «Саламатты әдеттер марафоны» челленджі басталады:

  • 10 күн бойы үстелге тұз сауыт қоймау;

  • «Су ішіп, сау болыңыз!» – 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішу, таңертең ас қорыту жүйесінің жұмысын іске қосу үшін 1-2 стақан суды асықпай ішу;

  • 10 күн бойы 10 000 қадам жүру.

Достар, әр қайсысыңыз челленджге қатысушы және өз достарыңызды, туыстарыңызды, әріптестеріңізді, таныстарыңызды шақырушы көшбасшы бола аласыздар. Кез келгенін таңдаңыз, мысалы  «Мен фастфуд жемеймін», «Мен кола ішпеймін», «Мен тәттіден бас тартамын», «Мен көкөністер мен жемістерді таңдаймын», «Мен кеудемді жерден 100 рет көтеремін», «Мен жаттығу жасаймын» және «Сіздің де қолыңыздан келе ме?» деп  эстафетаны әрі қарай беріңіз.

Ал қазір біз Әсет Өрентайұлы екеуміз саламатты әдеттерге бейімділік көрсетіп, сөзден іске көшеміз.

18:35-18:55. ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы және Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Өрентайұлы  бекеттерге келіп, мынадай іс-әрекеттерді орындайды:

1-бекет –  үстелде тыйым салынған белгісімен «ТҰЗ» деп бас әріптермен жазылған кувертка тұр.
Әрекет – тұз сауытты үстелден алып тастау

2-бекет –  үстелде ұнамды белгісімен «СУ» деп бас әріптермен жазылған кувертка тұр.
Әрекет – газдалмаған 0,5 л бөтелкені ішу

3-бекет –  үстелде ұнамды белгісімен «ЖЕМІСТЕР» деп бас әріптермен жазылған кувертка тұр.
Әрекет – алманы жеу

4-бекет – үстелде «Жедел жәрдем» деп бас әріптермен жазылған кувертка тұр
ӘрекетМинистрге – манекенге жүрек-өкпе реанимациясы
Әкімгеқан кеткенде қолға бұрау немесе сүйек сынғанда таңғыш қалақ салу

5-бекет –  үстелде ұнамды белгімен «Дене белсенділігі» деп бас әріптермен жазылған кувертка тұр
Әрекет –10 000 қадам жаяу жүру (іс-шараны аяқтау үшін сахнаға оралу)
Бекеттерден өту кезінде Жүргізуші микрофонмен әрекеттердің орындалуын айтып отырады, оператор  LED – экраннан көрсетеді.
Жүргізуші іс-шараны аяқтау үшін сахнаға ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлын және Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Өрентайұлын шақырады.
18:55 – 19:00. ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы
Челлендж басталды  –  мәреге жетіп,   8 қыркүйекте «Триатлон» саябағында кездесеміз.
Қорытындылап, естелік сыйлықтарды (велосипед, смарт-білезіктер, фитнес-трекерлер, фитнесс клубқа абонементтер) береміз.
Естеріңізге саламыз, әрбір қатысушы:

  1. Әлеуметтік желіге тіркелуі

  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі парақшасына жазылуы

  3. # СаламаттыӘдеттерМарафоны

  4. СауБол

  5. BeHealthy

  6. ДенсаулықКепілі

  7. Здоровье!

  8. ДенсаулықСеніңТаңдауың

  9. ЧелленджЗдоровье

  10. ТвойВыбор хэштегтерімен фото және бейне есептер салулары қажет.


веб-сайт Облздрав Жамбылской области «http://densaulyk.zhambyl.gov.kz».
0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *