«Саламатты әдеттер марафоны»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығын нығайту және әрбір азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында 11 шілдеде «Be healthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі»! ұранымен «Саламатты әдеттер марафоны» кең ауқымды акция-челлендж өткізеді.

Челлендж (сын-тегеурін) негізгі үш іс-қимылды қамтиды:

  • 10 күн бойы үстелге тұз сауыт қоймау;

  • «Су ішіп, сау болыңыз!» – 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішу, таңертең ас қорыту жүйесінің жұмысын іске қосу үшін 1-2 стақан суды асықпай ішу;

  • 10 күн бойы 10 000 қадам жүру.

Осыған байланысты, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері «Саламатты әдеттер марафоны» челленджін өткізіп, ҚР Денсаулық сақтау министрінің эстафетасын қабылдады. Сондай-ақ  «Су ішіп, сау болыңыз!» атты акциясы жүргізіліп, адам денсаулығына тұздың зияны мен судың пайдасын түсіндіріп айтып өтті.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *