Оба, тырысқақ, КҚГҚ эпидемиологиясы, клиникасы, емі, алдын-алу іс-шаралары

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер арасында «Оба, тырысқақ, ҚҚГБ эпидемиологиясы, клиникасы, емі, алдын-алу іс-шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар мен жаттығу сабақтары өткізу үшін Жамбыл обаға қарсы станциясының обаның зертханалық диагностикасы және алдын алу мамандар С.А.Бейсембаев және Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Г.С.Қалжанова арнайы шақырылды.

Жаттығу сабақтары кезінде дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге 1 типті обаға қарсы киімдерді кию және шешу қағидалары түсіндіріліп, сондай-ақ, аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша нұсқама өткізілді.

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *