«Нашақорлықсыз болашақ!»

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «26 маусым – нашақорлыққа қарсы күрес!»  күніне орай ағымдағы жылдың  26 маусым күні ҚР Тұнғыш Президенті атындағы саябағында  «Нашақорлықсыз болашақ!» атты жастар акциясы өткізілді. Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Каримова акцияға нашақорлық пен есірткі бизнесіне байланысты викториналық сұрақтарды қойып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті.