“Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің “Халыққа қызмет көрсету орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.

Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетілетін қызмет берушінің шотына қолма-қол немесе ақшасыз аудару нысанында жүргізіледі.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *