“Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15434 болып тіркеледі

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Дәрігерді үйге шақыру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      2) порталға:

      электрондық нұсқадағы сұраныс.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

       “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “13. Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Дәрігердің қабылдауына жазылу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      2) порталға:

      электрондық нысандағы сұраныс.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      “13. Қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.”.

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

       “9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда негізі болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”;

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:

       1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “1-тарау. Жалпы ережелер”;

       2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі”;

      мынадай мазмұнда 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      “9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

       1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;

      3) қарсы көрсетілімдерінің болуы (туберкулез, АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, наркологиялық бұзылулар, жыныстық жолымен берілетін инфекциялық аурулар) негізі болып табылады.”;

       3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі”;

       4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      “4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар”.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      “КЕЛІСІЛДІ”

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 30 маусым”КЕЛІСІЛДІ”

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 13 шілде

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің бұйрығы №272
27 сәуір 2015 жыл
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1046 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
 3) осы бұйрықтың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы (ЖҮКТЕУ)