«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

«Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №3-15-3/2530 хатына сәйкес «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя балалары мен жетім және мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олардың мектепке баруына материалдық көмек көрсетіп, С.Абланов атындағы орта мектеп оқушылары:

– 2-сынып оқушысы Жұмабай Бекасыл;

– 1-сынып оқушысы Жұмабай Алинурға анасы Эргашева Тыныштың сұрауымен спорттық киімдерімен қамтамасыз етілді. (фотосурет және алғыс қағазының көшірмесі қоса беріледі).

№10 орта мектеп оқушылары:

– 3-сынып оқушысы Болатбек Руслан (көп балалы отбасы-8 бала, әкесі мүгедек, анасы жұмыссыз, жатақханада тұрады),

– 4-сынып оқушысы Орымбаева Арай (екі балалы жанұя, әкесі жоқ, анасы жұмыссыз, жалдамалы жер үйде тұрады), көмекке өте мұқтаж отбасы ретінде мектепке спорттық киімдерімен қамтамасыз етілді. (фотосурет және алғыс қағазының көшірмесі қоса беріледі).

№14 орта мектеп оқушылары:

– 2-сынып оқушысы Құлжабай Сұлтан (көп балалы отбасы, ата-анасы жұмыссыз, аз қамтылған отбасы),

– 4-сынып оқушысы Жақсыбаева Салтанат (аз қамтылған, 5 балалы отбасы, ата-анасы жұмыссыз), спорт киімімен қамтамасыз етілді.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *