Медициналық бикелердің этикасы туралы

Медициналық этика ретінде медициналық қызметкерлер өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау барысында сақтауға міндетті өнегелілік нормаларының үйлесуі түсініледі. Медициналық бикедегі барлық нәрсе өзіне пациентті тартуы тиіс, және де сонда ғана сенімді сұхбат туындайды, сол кезде медбике пациент туралы өзіне қажетті мәліметтерді, жеке тұлғасының ерекшеліктерін, оның ауру туралы, емделуге жатқызу, болашақтағы жоспарлары туралы пікірлерін біледі. Медбикенің сыртқы түрі, бет бейнесі, сөзі маңызды рөл атқарады. Медициналық бикенің сөзі маман сипаттамасы болып табылады және нормаларға сәйкес болуы тиіс. Пациентпен ол үшін түсінікті тілде, «артық» медициналық терминология қолданбастан араласу керек. Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігердің медициналық көмек сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Л.С.Танатбаева медициналық қызметкерлері арасында медициналық бикелердің этикасы туралы дәріс өткізді.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *