Көлік жүргізу құқығын алу, механикалық көлік иелерін қайта медициналық тексеруден өткізу, механикалық көлік иелерінің көлік жүргізу куәліктерінің мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру кезінде медициналық тексеруден өткізілетін азаматтарға медициналық наркологиялық тексеру туралы ақпарат

             

16.03.2016 жылғы Қазақстан Республикасы премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.А.Сагинтаевтың өткізген «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» жиналысы хаттамасының 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес көлік жүргізу құқығын алу, механикалық көлік иелерін қайта медициналық тексеруден өткізу, механикалық көлік иелерінің көлік жүргізу куәліктерінің мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру кезінде медициналық тексеруден өткізілетін азаматтарға медициналық наркологиялық тексеру 2017 жылдың 19 қыркүйегіне дейін АХҚКО-ң наркологиялық кабинетінде (тиісті лицензиясы бар) «Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК қызметкерлерімен, құрамында дәрігер-наркологы және екі орта буын медициналық персоналымен (үміткердің жынысын ескере отырып ер және әйел азаматтары) жүргізілетін.

Аталған қызметті көрсету түрі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің директоры Д.Т.Медетбековтың  22.08.2017 жылғы №04-08-5-13/876 қызметіне көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу қызметі кіретін «Proff Med» ЖШС-на  мүлікті мүліктік жалдауға беру туралы хабарламасына сәйкес тоқтатылды.