Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігері Ж.Т.Жексембиевтің 2017 жылға қорытынды есебі

Бүгін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің мәжіліс залында  Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Махашов Нұрлан Оразқұлұлының қатысуымен “Ашық есік” күні өтті. Жиналыс барысында диспансердің бас дәрігері Ж.Т.Жексембиев 2017 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Өз есебінде Ж.Т.Жексембиев жыл бойғы диспансердің атқарған қызметі, жетістіктері, алға қойған мақсаттары, олардың орындалу барысы туралы сөз қозғады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық наркологиялық диспансердің жетістіктері өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жемісті, әрі табысты болғаны да аталып өтті. Есеп беру аяқталған соң Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Махашов Нұрлан Оразқұлұлы диспансер ұжымына игі тілектерін білдіріп, алға қойған мақсаттарға мүдірмей жетуімізге сәттілік тіледі. Жиналыс соңында жеке сұрақтар бойынша бас дәрігердің қабылдауы өтті.

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *