Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері қызметкерлерімен “Зиянды әдеттер” тақырыбында алдын алу бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар

Адам ағзасына, оның денсаулығына, оның өмірін бұзуға теріс әсер ететін әдет – жаман әдет. Осы тақырыпта жоспар бойынша Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер-наркологы Намазалиев С.Т. “Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы” КММ орталықта уақытша тұратын тұрақты мекен жайы жоқ тұлғалар арасында “Зиянды әдеттер. Олар неліктен қауіпті?” тақрыбында оқу-дәріс өткізді. Зиянды әдеттердің салдары ағзаның толық бұзылуына дейін әсер ететіні, оның иесінен басқа, олар отбасына және жалпы қоғамға зиянын тигізетіні туралы және тағы да басқа қасиеттері бойынша кеңінен сөз қозғалып, талқыланды. Психологтар жаман әдет – бұл адамның қажеттілігіне айналған бейімділік деп санайды. Кез келген керексіз әрекет, мысалы ішімдік, маскүнемдікке бейімдейді, егер бұл әркет қайта қайта қайталана берсе санаға «жағымды» әрекет болып сақталып қалады да соңында бұл сырқатқа айналады. Ғалымдар адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 120 жыл болуы керек деп есептейді. Бірақ бүкіл адамзат тарихында бұл жасқа жеткен адам аз. Негізгі себептер адамның денсаулығына деген көзқарасына негізделген. Адам ағзасы мен оның психикасы – өмір сүру ортасының өзгеріп жатқан шарттарына ғана бейімделіп қана қоймай, оның қажеттіліктеріне сәйкес оны белсенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін күрделі жүйе. Зиянды әдеттер қоршаған ортаның әсеріне және оның әр түрлі өзгерістеріне дененің дұрыс реакциясын бұзады. Салауатты өмір салтына, адамның бақыты мен игілігіне нашар әдеттерге қарсы кең күрес майданын құру қажет. Бұл күрес жалпыға ортақ, ұзақ, табанды әрі мақсатты болуы тиіс. «Қытықшыл» тақырыптардан қашудың, өмірімізде барлығы жақсы, жамандық болса, онда ол бізден алыс басқа жақта деп алданудың  қажеті жоқ. Адам неге барып жатқанын, «кайф» сатып алу үшін нені құрбан ететінін көруі тиіс, оның төлемі – оның денсаулығы, бақыты, өмірі екенін білсін.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *