Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы — 2017 жыл қорытындысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында еліміздің одан әрі дамуы және 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруіне қол жеткізу үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдері мен Қазақстанның дамуы арасындағы алшақтықтарды жою қажет екенін атап өткен.

Осыған орай мемлекет ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Осылайша, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, әлемнің озық дамыған 30 елінің деңгейіне сай келетін азаматтардың денсаулық көрсеткішіне жоспарлы түрде жету үшін, және ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы ретінде 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Бағдарламаның басты мақсаты — 2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жалпы өмір сүру ұзақтығы 72,41 жасты құрады. Жалпы өлім-жітім 2,6%-ға, нәресте өлімі 6,4%-ға, ана өлімі — 5,5%-ға, туберкулезден өлім — 11,8%-ға, қатерлі ісіктерден — 5,7%-ға, жазатайым оқиғалардан — 8,7%-ға төмендеген.

Мемлекеттік бағдарлама жеті негізгі бағытқа бөлінген. Олардың әрқайсысы бойынша бүгінгі таңда қандай жұмыстар атқарылғанын толығырақ қарастырып өтейік.

Бірінші бағыт

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарланғандай, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту аясында қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылған.

«Қызметтің міндеті — танылған ықпал ету әдістері арқылы Қазақстан халқының денсаулығын қорғау және нығайту. Қызмет негізгі үш мақсатқа жетуге бағытталады. Бірінші мақсат – жұқпалы аурулардың және жұқпалы емес аурулардың кең ауқымды мониторингі мен қадағалауы бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізу. Екінші мақсат – денсаулықты нығайту шараларын іске асыру. Үшінші мақсат – Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің институционалды дамуы», — деді ҚР Үкіметі отырыстарының бірінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінде Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті құрылған. Келешекте қоғамдық денсаулықты қорғау ұлттық орталығын ашу жоспарда бар.

Екінші бағыт

АМСК-ты жаңғырту және басымдықты дамыту негізінде халық мұқтаждықтары бойынша барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру аясында елеулі жұмыстар атқарылды.

Мәселен, АМСК деңгейінде 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін тіркелген 1500 тұрғынға дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы 100-ден астам жаңа педиатриялық учаскелер ашылды. С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында педиатрия факультеті қайта ашылып, «Педиатрия» мамандығына бөлінген қосымша 150 грант бойынша оқыту басталды.

Сонымен бірге, созылмалы ауруы (қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерді белсенді бақылауға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын енгізу жөніндегі жоба іске асырылуда.

2017 жылы жоба барлық 16 өңірде іске асырылды, жобаға қатысқан пациенттердің саны 2 есеге (3 мыңнан 7 мыңға дейін) ұлғайған.

2018 жылы бағдарламаға барлық диспансерлік науқастарды біртіндеп тарту және кеңейту жоспарлануда. Осы мақсатта негізгі созылмалы аурулары бар науқастарды диспансерлеу стандарттары жетілдірілетін болады.

Айта кеткен жөн, диспансерлік есепте тұрған емделушілер мен дәрігер арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін артериялық гипертония, қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі  және жүкті әйелдер мен балаларға арналған мобильді қосымшалар әзірленіп, тестілеуден өткізіліп жатыр.

​Денсаулық сақтау ұйымдарын өңірлер бойынша медициналық көмек көрсетудің үш деңгейіне сәйкес бөлуді қарастыратын аурулардың бес тобына арналған интеграцияланған модель әзірленуде.

Жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында 2017 жылдың шілдесінде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің дифференциалды тәсілін қарастыратын Медициналық көмекті көрсетудің жаңа ережелері бекітілген Бұйрық қабылданды.

Осылайша, төртінші санаттағы шұғыл шақыруларға қызмет көрсету емханалар жанында құрылған шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің деңгейіне жіберіледі.

Халықаралық стандарттарға сәйкес жедел жәрдем стансаларының және станционарлардың қабылдау бөлімдерінің қызметкерлерін жедел медициналық жәрдем көрсету дағдыларына оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Стационарлардың қабылдау бөлімшелері қызметінің жаңа форматы пациенттерді іріктеу және патологияның кез-келген формасы бар науқасты қабылдауға дайындықты күшейтумен реттелді.

Қабылдау бөлімшелері жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуді уақытылы қамтамасыз ету үшін («emergency doctor») қабылдау бөлімшесінің дәрігері — жаңа дәрігерлік мамандық енгізіледі.

Сондай-ақ 2017 жылы дәрі-дәрмектер тегін берілетін аурулардың тізімі кеңейтілді.

Осылайша, 661 дәрі-дәрмек, оның ішінде іш сүзегі, «В» вирустық гепатитіне, қызылшаға, қызамыққа, туберкулезге, тұмаудың алдын-алуға, кене энцефалитіне және т. б. қарсы вакциналар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілді.

Бұдан өзге, амбулаторлық деңгейде ғана медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілді. Ол 190 препараттан тұрады.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімінде — 288 атау бар.

2017 жылдың қорытындысы бойынша амбулаторлық деңгейде шамамен 2,5 млн науқас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, 2018 жылы 3,8 млн науқасты қамтамасыз ету жоспарда бар.

Үшінші бағыт

Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету жұмыстары аясында Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия (СБК) жұмыс істейді. СБК-да ҮЕҰ өкілдерінің саны 43%-ды құрады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органның кейбір функцияларын әрі қарай беру және іріктеу үшін белгіленген критерийлерге сәйкес олардың жұмысын бағалау мақсатында кәсіби медициналық қауымдастықтарды аккредиттеу жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, 14 функцияны бәсекелі ортаға беру жоспарлануда.

Төртінші бағыт

Дәрілік қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру жалғасуда.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2016 жылы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 458 млрд теңгеден асты, стационарлық және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған мемлекет шығыны шамамен 181 млрд теңгені құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда дәрілік заттардың 7690 атауы тіркелген.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық өндірушілер мен фармацевтика өнеркәсібін қолдау бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылды.

2017 жылы отандық тауар өндірушілермен 873 атауды (дәрі-дәрмектер — 525 және медициналық мақсаттағы бұйымдар — 348) жеткізуге ұзақ мерзімді 25 келісім жасалды.

Жалпы алғанда, 2009–2017 жылдар аралығында 32 ОТӨ-мен 1679 атауды (1097 ДД және 582 ММБ) жеткізу бойынша 54 ұзақ мерзімді шарт жасалған.

Сонымен қатар ұзақ мерзімді келісім-шарттарды орындау мерзімі жобаларды іске асыру мерзімін 2022 жылға дейін ұзарта отырып, 7 жылдан 10 жылға дейін арттырылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік сектордағы өсім фармацевтикалық өнеркәсіптегі 42% өсімнің есебінен қамтамасыз етілді.

Медициналық мақсаттығы дәрі-дәрмекті сатып алу қорытындысы бойынша 2017 жылы ОТӨ сатып алу өсімінің 17% (398 аталымынынан 478-ге дейін), қаражаттың 3,3 есе 5,5 млрд теңгеден 18,1 млрд теңгеге дейін үнемделгені байқалған.

Мемлекет басшысының ескертулерін ескергенде бүгінгі таңда министрлік «СК-Фармация» ЖШС басқарушы құрамын толығымен жаңартты. Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілді, барлық сатып алулар онлайн таратылады.

Амбулаторлық деңгейде 2017 жылы дәрі-дәрмекпен шамамен 2,5 млн науқас (91,5 млрд тг) қамтамасыз етілді, 2018 жылы 3,8 млн науқасты (122,8 млрд тг) қамтамасыз ету жоспарланған.

Барлық дәрі-дәрмектерге бағаларды кезең-кезеңмен реттеуді, дәрі-дәрмектерді тіркеу рәсімдерін өзгертуді, барлық дәрі-дәрмектерді таңбалау мен қадағалаудың электронды жүйесін енгізуді қарастыратын заң жобасы әзірленді.

Министрлік сондай-ақ дәрі-дәрмектерді этикалық ілгерілетудің және рационалды пайдаланудың стандарттарын енгізу арқылы бәсекелестікті арттыру, тиісті практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу мен электронды рецепттің көшірмесін қоса алғанда, халыққа арнап ақпараттық-анықтамалық жүйелерді әзірлеу арқылы бөлшек секторда бағаларды бақылаудың басқа да тетіктерін әзірлеуде.

Айта кеткен жөн, ТМККК аясында сатып алынатын дәрі-дәрмектердің 309 аталымына баға төмендетілді.
2012 жылдан бері алғаш рет мемлекет сатып алатын дәрі-дәрмектердің тізімі дәлелденген клиникалық тиімділікті ескере отырып (53 дәрі-дәрмек алып тасталып, 68 дәрі-дәрмек қосылды) қайта қаралды. Дәрі-дәрмектердің құнын арзандату тұрғысынан өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Экономикалық тұрғыдан тиімді дәрі-дәрмектерді қосу және алмастырылатын, немесе тиімділігі төмен препараттарды алып тастау арқылы сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді.

Өндірушілермен, оның ішінде UNICEF-пен серіктестік арқылы тікелей келісімдер аясында дәрі-дәрмек сатып алу ұлғаюда, бұл үнемделген қаражатты қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсауға мүмкіндік береді.

Бесінші бағыт

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылы 16 өңірде Медициналық сақтандыру қорының филиалдары құрылған. Медициналық сақтандыру қоры стратегиясы бекітілді. МӘМС енгізу шеңберінде ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

ҚР денсаулық сақтау министрі МӘМС жүйесін енгізудің тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шаралардың Кешенді жоспарын бекітті.

Сегіз мүдделі мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен «МӘМС шеңберінде мемлекеттік органдардың арасында мәліметтер алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимылдың нұсқаулығы» бекітілді.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ МӘМС жүйесінде аударымдар мен жарналарды жинауды бастады. 2018 жылдың 18 қаңтарындағы жағдай бойынша Қорға түскен жарналар сомасы 5,2 млн астам адамға 33,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде аударымдар үлесі 82%, жарналар үлесі — 18% құрады.

1 385 медициналық жеткізушімен келісім жасалды, олардың ішінде жекеменшік ұйымдар саны 594.

Заңға сәйкес МӘМС енгізу мерзімдері 2018 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамыту үшін желі нормативтері бекітілді, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың Бірыңғай және 16 өңірлік перспективалық жоспарлары әзірленді. Бұл АМСК ұйымдарының қуаттылығын 2025 жылға қарай 12,5% ұлғайтуға, ал стационарлар санын 28%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды оңтайландыру орта есеппен алғанда жылына 27 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр: 2017 жылдың қорытындысы бойынша 13,3 млн астам адамды қамтитын халықтың түрлі санаттарымен 203 мыңнан астам кездесу өткізілді.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, бұл 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс форматына көшуге мүмкіндік береді.

2016 жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарды МАЖ-дармен қамту 2 есе, компьютерлік техникамен қамту – 2,4 есе, Интернет желісіне қолжетімділік – 19% ұлғайды.

Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында және министрліктің ведомствосына қарасты 4 ұйымда медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қуаттылығы 19 466 ГГц, 660 процессор, жады 2000 Тб болатын соңғы буындағы екі мәліметтерді өңдеу орталығы іске қосылды. Әрқайсысының орташа жүктемесі 83%.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау платформасы мен электронды денсаулық паспортын құру аяқталып қалды.
IBM-мен бірге онкология саласындағы денсаулық сақтауда жасанды интеллектті пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды — Watson for Oncology.

«Қазақтелеком» АҚ-мен бірге med.mail.kz сервисі құрылды, ол бірыңғай кәсіби желіде 80 мыңнан астам дәрігерді біріктіреді.

Қызылорда облысында (пилот) ЮНИСЕФ-пен бірге «Патронаж медбикесі», жекеменшік компаниямен бірге «Менің жүктілігім», МӘМС шеңберінде  медициналық қызметтерді бағалау үшін «Халықтық бақылау» мобильді қосымшалары іске қосылды.

Алтыншы бағыт

Медициналық білім беруді жаңғырту аясында медициналық ЖОО-лардың стратегиялық шетелдік  серіктестері анықталды, бес жылға стратегиялық даму жоспарлары әзірленді, олардың мәні оқыту бағдарламаларын өзгерту, ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту, университеттік клиникалар құру, профессорлық-оқыту құрамын қайта оқыту болып табылады.

Барлық мамандықтар бойынша медициналық кадрлар даярлаудың жаңа МЖМБС бекітілді. Жалпы практика дәрігерлерін даярлау аясында педиатрия компоненті бойынша сағаттар екі есе артты.

2017 жылы медициналық ЖОО-ларда студенттерді қабылдау 14%-ға, оның ішінде грантпен оқитындар 27%-ға артты.

2017 жылы оқуын тәмамдаған жас маман интерндер саны 4446 құрады, олардың 2947 түлегі практикалық қызметке кірісті. Резидентураның 39 мамандығы бойынша 946 адам оқуын тәмамдады, олардың 918-і еңбекпен қамтылды.

Саланы әлдеқайда сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлармен қамтамасыз ету үшін министрлікпен АМСК, КДҚ ұйымдарында, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдарында педиатрларды, акушер-гинекологтарды (резидентурадан өтпестен), сондай-ақ анестезиологтарды (қайта даярлаудан кейін) практикаға жіберу туралы шешім қабылданды.

Клиникалық зертханалық диагностика, медициналық реабилитология, кәсіби патология, гериатрия, функциялық диагностика, трансфузиология және токсикология, неврология, фтизиатрия, клиникалық фармакология бойынша резидентурадан өту туралы талап алып тасталды.

Жетінші бағыт

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласындағы нарыққа қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктерін құру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілуде. 36 МЖӘ келісімі жасалды, олардың 35-і — 2017 ж.

2017 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласына инвестициялар 91,4 млрд тг құрады және 2016 жылдың деңгейінен 43,5% өсті, бұл Қазақстан экономикасы салаларының ішіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Жеке инвестициялардың үлесі 2016 жылдың деңгейінен 90% артты (23,3-тен 44,2 млрд теңгеге дейін).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа Мемлекеттік нормативін әзірлеп, бекітті және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың Бірыңғай перспективалы жоспары әзірленуде.

Жалпы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бюджет шығындарынан бөлек, МЖӘ, сенімді басқару және жекешелендіру тетіктері арқылы жекеменшік сектор ресурстарын тарту арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтаудағы МЖӘ жобаларының тізімі қазіргі таңда 109 жобаны қамтиды, оның ішінде 2 республикалық және 107 жергілікті мақсатта.

«Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екі жылы осындай өнімді және мазмұнды болды. Алда елімізде МӘМС енгізудің, сондай-ақ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартудың (оның ішінде — халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейін ұзарту ) маңызды үдерісі тұр.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ресми сайт


https://primeminister.kz/kz/news/all/gosprogramma-densaulik-itogi-2017-goda-16020

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *