«Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың 6 айындағы орындалуының қорытындылары шығарылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылдың 6 айында орындалуының аралық қорытындысы  баяндамасын  жасады.

Ол мемлекеттік бағдарлама 7 бағыт бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады (қоғамдық денсаулықты сақтау, алғашқы медико-санитарлық көмектің қолжетімділігі,  медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру, ынтымақтастықты енгізу және жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту).

Министр қоғамдық денсаулықты сақтау шеңберінде 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулық сақтауды басқарудың  іс-шаралар Жоспары бекітілгенін, салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде белсенді шаралар жүргізіліп жатқанын, биылғы 6 айда 6 млн. астам адам қатысқанын, халықты иммундау 95,2% -ға жеткенін атап өтті.

«Жедел жәрдем қызметін реформалау жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, емханаларға шұғыл емес қоңырауларды беру жүргізілді, кезең-кезеңмен қызметкерлерді халықаралық стандарттар бойынша оқыту жүргізілуде, еліміздің 9 өңірінде Бірыңғай диспетчерлік қызмет құрылды. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жол жүрудің орташа уақыты 7 минутқа қысқарды, сәтті реанимация көрсеткіші 14% -ға өсті», – деді Елжан Біртанов.

Халықты алдағы 2019 жылы дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың шілдесінен бастап өңірлерге дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу шаралары басталды.

«Медициналық қызметтерді көрсету нарығын қайта реттеу және жеке медициналық өнім берушілерді дамытуды қолдау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазірдің өзінде кәсіпкерлерді тексеру 10%қысқартылды. Медициналық қызметтер нарығын қайта реттеу жөніндегі күш-жігер 2017-2018 жылдардағы алғашқы 6 айда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлердің санының 41%-ға артуына алып келді», – деді Министр.

Елжан Біртановтың айтуынша, саланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту шеңберінде денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Есепті кезеңде өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда инвестициялардың жалпы көлемі 63% -ға өсті, ал жеке инвестициялар 31% -ға өсті. Инвестициялық белсенділік Алматы облысында, Алматы қаласында, Қарағанды ​​облысында байқалады. Бюджеттен тыс инвестициялардың ең көп мөлшері санаторлық-курорттық ұйымдарды дамытуға 41%немесе 4 740 млн. теңге, көп бейінді ауруханалар мен мамандандырылған стационарларға – 21% немесе 2 397 млн. теңге жұмсалды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Байқау кеңесін құру талаптарын жеңілдету, олардың мүшелеріне қойылатын талаптарды өзгерту және кеңестің өкілеттігін кеңейту мақсатында корпоративтік басқаруды қалыптастыру шеңберінде заң жобасы енгізілді. Тұтастай алғанда, кəсіпорындардағы Байқау кеңестері экономикалық басқару құқығында 23,5% -ға өсті. Сонымен бiрге, жылдың соңына дейiн барлық медициналық ұйымдар шаруашылық жүргiзу құқығының (ШЖҚ) негiзiнде кәсiпорындардың құқықтық мәртебесiне көшедi. Бүгінгі таңда кейбір облыстарда бұл жұмыс 70-80% -ға орындалды.

Сондай-ақ Министр адам ресурстарын тиімді басқару тұрғысында медициналық Жоғары оқу орындарының түлектерінің санының артуына байланысты индустриядағы кадрлардың тапшылығын азайып келе жатқанын атап өтті. Шетелдік жетекші университеттермен стратегиялық серіктестіктің екінші кезеңі шеңберінде медициналық ЖОО-ның  профессор-оқытушы құрамын елімізде және шетелде оқыту жүргізілуде,  студенттердің білімін аралық тәуелсіз бағалау енгізіледі, ал курстан курсқа ауысқан студенттердің ауысу балы 2,2-ден 3-ке дейін көбейеді.

«Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасалды. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алудағы маңызды жаңалығы  2019 жылға дейін электрондық сатып алу форматына өту болады. Қазіргі уақытта жаңа электрондық портал әзірленіп, оның негізінде дәрі-дәрмектерді сатып алу жүргізілетін болады. Ол 17 шілдеде таныстырылады, ал СҚ-Фармацияның келесі сатып алулары электронды түрде өтеді», – деді министр.

Қорытындылай келе, Елжан Біртанов жалпы алғанда, ағымдағы жылдың 6 айындағы медициналық-демографиялық ахуал тұрақты, 2017 жылмен салыстырғанда негізгі әлеуметтік маңызды аурулар бойынша төмендеу байқалады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *