ДДҰ делегациясының Қазақстан Республикасының Үкіметімен кездесуі өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшылығы Астана қаласында 2018 жылғы 25-26 қазанда өтетін «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференцияға дайындық мәселелері бойынша 26 шілдеде Қазақстанға  ресми сапармен келді. Делегацияны бастап келген Қазақстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бас директорының сыртқы байланыс жөніндегі көмекшісі Мишель Боку.

Күннің бірінші жартысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және ДДҰ делегациясы ҚР Вице-Премьері Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ДДҰ арасындағы Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты. Кездесу барысында ДДҰ-ға мүше екі жүз елдің Денсаулық сақтау министрлерінің, сондай-ақ шамамен он елдің Президенттерінің қатысу мәселелері талқыланды. Денсаулық сақтау тақырыбына жоғары саяси деңгейде Жаһандық конференцияның өткізілуіне байланысты Мишель Боку ҚР Үкіметінің белсенді қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдірді.

Күннің екінші жартысында ҚР Денсаулық сақтау министрі ДДҰ делегациясымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жаһандық конференцияның Президенттік сессиясы мәселелері бойынша кеңеске қатысты. Өз кезегінде, ДДҰ Бас директорының көмекшісі Мишель Боку Қазақстан Республикасының әлемнің денсаулық сақтау жүйесін күшейту және оның сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау жүйесінде медициналық алғашқы көмектің  рөлін жетілдіруге дайын екенін атап өтті.

Жаһандық конференцияның мақсаты – ДДҰ-на мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары деңгейінде Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті одан әрі дамытуды талқылау, МСАК жөніндегі Астана Декларациясын қабылдау болып табылады.

Аталған конференцияның жұмысына ҚР Президентінің және ДДҰ-ның алты өңірінен мемлекет басшыларының қатысуы жоспарлануда.  Конференция қоғамдық денсаулықты  сақтау және дені сау ұлт мәселесінің жаһандық маңызына жоғары деңгейде ерекше көңіл бөлумен өзекті. Сонымен қатар аталған Конференцияға үкімет мүшелерінің, денсаулық сақтау, экономика, қаржы министрлерінің; құрметті қонақтардың; медицина саласы қайраткерлерінің, медицина қызметкерлерінің; халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес бірлестіктер өкілдерінің, жас мамандар мен медицина университеттері студенттерінің деңгейінде 190-нан астам елден делегациялардың қатысуы күтілуде.


Материал ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің ресми  сайтынан алынған
0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *