Бүгін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы «Нұр Отан» партиясы «Сенім» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің мәжіліс залында  Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Ә.Құлеккевтің, №13 теміржол колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  С.А.Мұқатаеваның қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын  міндеттер туралы «Нұр Отан» партиясы «Сенім» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында Елбасының Жолдауы туралы кеңінен әңгіме қозғалып, әр тармағына жеке жеке түсінік берілді. Елбасымыздың бұл Жолдауы жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Жолдауда «бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек, атап айтқанда:

  1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
  2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
  3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
  4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
  5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
  6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
  7. Адами капитал – жаңғыру негізі.
  8. Тиімді мемлекеттік басқару.
  9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
  10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет — осылар. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек»,— делінген.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *