«Болашақ үшін еске алу»

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында Бүкіләлемдік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу кампаниясы бойынша «Болашақ үшін еске алу» тақырыбында облыстық білім басқармасының баспасөз орталығында онлайн конференция өткізілді. Онлайн конференцияны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима Хабиқызы жүргізді. Сондай-ақ, онлайн конференцияға Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психологы Болебаева Айнұр Оңалбекқызы және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Жунискулов Ринат Багитбекович шақырылды. Онлайн конференцияға 137 мектептің 8-11 сынып оқушылары, педагог, психологтар, социологтар және сынып жетекшілері қатысқан, яғни 4110 адам қамтылған.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *