БМСК жөніндегі конференция: Қазақстанның қазіргі жаһандық денсаулық сақтауда саласындағы жаңа рөлі

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Астана қаласында ағымдағы жылғы 25-26 қазан аралығында өтетін «Алма-Атадан Денсаулық сақтау қызметін көрсетумен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» атты бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Жаһандық конференциясын өткізуге дайындық.

Іс-шараға сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан үшін Тұрақты өкілі Олег Честнов, БҰҰ Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный және басқалар қатысты.

Кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Конференцияны өткізу Декларациясының тарихи маңызын растайтынын, сонымен қатар Қазақстанның қазіргі заманғы жаһандық денсаулық сақтау саласындағы жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал ететінін атап  өтті.

«Астанадағы Жаһандық конференция үздік идеялармен және халықаралық тәжірибелермен алмасу үшін диалог алаңы болады», – деді Елжан Біртанов.

Конференция біздің ел үшін тарихи маңызы бар. 1978 жылғы қыркүйекте Алма-Ата қаласында 157 елдің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ)/ЮНИСЕФ бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) жөнінде халықаралық конференциясы өтті.  Конференцияда дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға айтарлықтай әсер еткен БМСК жөніндегі тарихи Алма-Ата Декларациясы қабылданды.

Конференцияның қорытындысы бойынша ДДҰ мүше мемлекеттері қазіргі заманғы, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесетін, қазіргі заманғы ІТ-технологияларды қолдану аясында тағы бір рет Алма-Ата декларациясының міндеттемесін растайтын саяси декларация түріндегі қорытынды құжатты мақұлдауды жоспарлап отыр.

Кейіннен, осы Декларацияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының  (2019 жылғы мамыр, Женева) және 2019 жылғы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының отырыстарында талқылау жоспарланып отыр.

Дереккөз: Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі
0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *