Астанада Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өткізіледі

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today – 2018 жылғы 25-26 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және БҰҰ Балалар қорымен бірлесіп Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өткізеді. Іс-шара 1978 жылғы тарихи Алматы Декларациясыныӊ 40 жылдығына арналған. Конференцияға денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізуге бірлесіп күш жұмсау үшін әлемдік көшбасшылар келеді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді белгілеуге көмектеседі. Елдердіӊ өкілдері медициналық-санитариялық қызметтермен жаппай қамтуды жетілдіру және Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласына инвестицияларды ұлғайту мақсатында Декларацияға қол қояды және ратификациялайды.

Қатысушылар арасында мемлекет басшылары; денсаулық сақтау, қаржы, білім және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлері; жастар делегаттары; жаһандық медициналық мекемелердіӊ, азаматтық қоғамныӊ, ғылыми қауымдастықтыӊ атынан өкілдік ететін көшбасшылары, филантроптардыӊ, БАҚ және жеке сектордыӊ өкілдері және медициналық қызметкерлер мен пациенттер болады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *