«Ардагерлерді ардақтайық»

Сонау 1945-ші жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жеткеніміздің  арқасында, бүгін біз өмір сүреміз, сүйеміз, болашаққа жоспар құрамыз, оқимыз немесе жұмыс істейміз. Бақытымызға орай, ұлы отан соғысының ардагерлеріне осы Жеңіс үшін рахмет деп айтуға әліде мүмкіндігіміз бар.

 «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Ж.Т.Жексембиев Ұлы Отан соғысының ардагері Кулик Петр Евгеньевичтің үйіне барды. П.Е.Куликке азық-түліктер және  сыйлықтар тапсырылды. Ардагердің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрмыстық жағдайын зерделеп, денсаулығы мен хал-ахуалдарын біліп қайтты.

по

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *